19 жастағы Мәдина Батық «Қазақстан аруы» атанды – фото

1149
Биыл «Қазақстан аруы» тәжі үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 32 қыз бақ сынады
Нұр-Сұлтанда еліміздің ең сұлу қызы таңдалды. «Қазақстан аруы 2019» титулын павлодарлық Мәдина Батық жеңіп алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Победительница конкурса красоты Мисс Казахстан-2019 Мадина Батык
Сұлулық байқауының финалы бүгін, 2 мамырда Nomad City Hall концерт залында өтті.
Финалистки конкурса Мисс Казахстан
Конкурс барысында жеңімпазға қымбат бағалы тастармен, інжумен безендірілген тәж кигізіліп, үш миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылды. Сондай-ақ бойжеткен жоғары сапалы брендтермен көптеген жарнамалық келісімшарт, Парижге жолдама және еліміздің атынан «Әлем ару» байқауына қатысуға мүмкіндік алды.
Финалистки конкурса Мисс Казахстан
Айта кетейік, конкурс ашық болуы үшін әділ-қазылар бес финалисті іріктеп алды, ал елдің бірінші аруын онлайн және sms-дауыс беру арқылы қазақстандықтардың өздері таңдады.
Сонымен бестікке Диана Әбішева (Алматы), Сәния Мірғалиева (Нұр-Сұлтан), Мәдина Батық (Павлодар), Надежда Недосекова (Семей), Балжанат Анас (Шымкент) енді.
Финалистки конкурса Мисс Казахстан
Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша Диана Әбішева бірінші вице-мисс атанды. Екінші вице-мисс титулын Надежда Недосекова иеленсе, үшінші вице-мисс титулы Сәния Мірғалиеваға бұйырды.
Финалистки конкурса Мисс Казахстан
«Туризм аруы 2019»
Биыл XXII ұлттық сұлулық байқауы жаңа форматта өтті. Қатысушылардың әрқайсы финал алдында өзінің туған өлкесі туралы видеоролик түсірді.
Финалистки конкурса Мисс Казахстан. Победительница в номинации Мисс туризм Балжанат Анас
Сонымен, өз өңірін үздік таныстырғаны үшін «Туризм аруы 2019» титулы шымкенттік Балажан Анасқа берілді. Ол енді бір жыл бойы Kazakh Tourism ұлттық компаниясының бет-бейнесі болады.