2018 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік нокауттың авторы анықталды – видео

349

Яир Родригестің кореялық Чан Сон Джонға қарсы жекпе-жегіндегі соққысы үздік деп танылды

Аралас жекпе-жек спорты жайлы жазатын MMA Fighting порталы 2018 жылдың қорытындысы бойынша UFC-дегі үздік нокаутты атады.

Беделді порталдың редакциясы Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) ұйымдастыруымен өткен жүздеген жекпе-жекті зерттеді. Ақыр соңында ол мексикалық Яир Родригестің кореялық Чан Сон Джонға қарсы жекпе-жегіндегі соққысын үздік деп тапты.

Жекпе-жек өткен жылдың 10 қарашасында UFC Fight Night 139 турнирі аясында өтті. Жекпе-жек кезінде мексикалық жеңіліп жатқан, алайда соңғы сәтте ол қарсыласын төменнен шынтақпен ұрып, нокаутқа түсірді. Олардың кездесуі ұйымның 25 жылдығына орайластырылған ірі турнирдегі басты жекпе-жектердің бірі болды.
Дереккөз:Sputnik.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз