Воскресенье, Июнь 7, 2020
Басты Қазақстан «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасы. Артықшылықтары мен шарттары қандай?

«5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасы. Артықшылықтары мен шарттары қандай?

93
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй кезегі мәселелесін шешу үшін Үкіметке «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.
Жаңа бағдарламаның негізгі шарттары қандай? Бағдарламада кімдерге басымдық беріледі?
Бағдарлама талаптары:
  • үй алғысы келетін адамның атында баспанасы болмауы шарт;
  • «5-10-20» бағдарламасымен баспаналы болғысы келетін азаматтардың тұрғын үй кезегінде тұруы міндетті. Қазіргі таңда Қазақстанда үй кезегінде 540 мың адам тұр. Басымдық мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және бюджеттік сала мамандарына беріледі. Қазір кезекте осындай 212 мың қызметкер тұр. Сонымен қатар, кезекте тұрған толық емес, көпбалалы отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар да осы бағдарламаға қатыса алады;
  • табыс көзі отбасындағы жан басына шаққанда 3,1 күнкөріс деңгейінен аспауы қажет (2020 жылы бұл көрсеткіш 96 667 теңгеге тең);
  • несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;
  • бастапқы жарна – 10 пайыз, ол үміткердің ТҮҚЖБ шотында жиналған болуы тиіс;
  • қарызды өтеу мерзімі – 20 жылға дейін;
  • баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады.
«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бюджеттен бөлінетін 390 млрд теңгенің 210 миллиарды баспанасы жоқ бюджеттік мекеме қызметкерлерінің үй алуына жұмсалады. Қалған 180 млрд теңгеге облыс әкімдіктері аймақтарда «5-10-20» бағдарламасы аясында жаңа баспаналар салады.
Қазір жобаның шарттары қызу талқыланып жатыр. Талқылау барысында төмендегідей бағалар ұсынылуда:
Жеке құрылыс салушылар ұсынған жаңа үйлердің ең жоғары займ сомасы Қазақстанның әр аймағына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен:
  • Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн теңгеден;
  • Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент үшін 15 млн теңгеден;
  • басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды.
Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйдің 1 шаршы метрі бойынша төмендегі бағалар белгіленген:
  • 240 мың теңгеге дейін – Алматыда;
  • 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта;
  • 200 мың теңгеге дейін – Шымкентте және Алматы маңындағы аймақта;
  • 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында;
  • 160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда.
«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Үкімет «5-10-20» бағдарламасын мамырдың соңы не маусым айының басында «Нұрлы жер» бағдарламасының бір тарауы ретінде бекітеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз