Адам қартайған сайын уақыт неге тез өтеді?

1762
Адамның жасына жас қосылған сайын уақыт неге ұшқан құстай зымырап өте шығады? АҚШ-тағы Дьюка университетінің ғалымдары бұл сұраққа жауап іздеп көрді.
Олардың тұжырымы бойынша қартайған адамға уақыттың жылдам өтіп жатқандай көрінуіне адам миының тозуы себеп болса керек. Нақтырақ айтқанда, қарт адам жастарға қарағанда ақпаратты аз қорытады. Бұл жайында Naked Science ақпарат көзі мәлім етті.
«Адамдар жас кезінде өзін қартаймайтындай сезініп, мәңгі осылай тұра беретіндей көреді. Оның мәні олардың бастан кешіргендерінің соншалықты мәнді немесе терең болғанында емес, бар-жоғы сол кездегі ақпараттардың барынша шапшаң қорытылатындығында жатыр»,- деп айтылған European Review мерзімді басылымында жарияланған Адриан Бежанның мақаласында.
Оның сөзіне қарағанда, адам миы жүйке мен нейрондардан тұрады. Өзінің даму кезеңі болады. Электрлі дабыл ұзақ процестен өтіп, сенсорлық мәліметтерді кодтайды. Адам денесі де өсіп, жүйкені ұзартады. Ол өз кезегінде ақпаратты миға өңдеуге жөнелтеді. Жүйке талшығы электрді жақсы өткізетіндіктен оның да кемшілігі жоқ емес: қосымща ақ зат ақпараттарды жеткізуге бөгет жасайды.
Адам денесінің тозуы да ақпаратты қабылдауда қиындық тудырады. Адам қартайған сайын нейронды арналар дегредацияға ұшырайды. Бұл өз кезегінде ақпараттарды қорыту мүмкіндігін кемітеді. Ғалымдар бұдан бөлек, ересек адамдарға қарағанда, балалар көз қарашығын жиі қозғалтады.
Балалардың бойындағы күш-жігер артып тұрғаннан емес, жас ми жаңа ақпараттарды тез қабылдайды, тез қорытады, нәтиже шығарады. Қарттар төңірегіндегілерге назар салмайтыны айналасындағылардың таңсық көрінбеуінде жатыр. Бұл уақыттың жылдам өтіп жатқандай көрінуіне алып келмек.
Ұсынған: Гүлім Жақан