Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген кезде қандай медициналық көмекке қол жеткізуге болады

3385
Міндетті медициналық сақтандыру жайлы Заңында белгіленген мерзімде 2020 жылдын 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын бастайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты бағыты мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген.
Медициналық сақтандыру қорына жарналарын аудару арқылы арқылы, азаматтар қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады мысалы, егерде азамат өзін-өзі қамтитын санаттағы азамат болса ең төменгі айлық жалақының 5 пайызын жылына 25 500 теңге (айына 2 125 теңге х 12 айға) жарна аударып, сырқаттанып қалған жағдайда бүгінгі таңда белгіленген 44 000 теңгеден бастап 4 500 000 астам аралығындағы көрсетіміне қарай ем қабылдауға мүмкіндігі болады.
44 000 000 тенге жұрек, қан тамыры операциясын жасауға мүмкіншіліктер туады.
Сол сияқты, өзіміздің үйімізге немесе жұмыс орнымызға жақын орналасқан емханаларға немесе жеке медициналық ұйымдарда медициналық көмек алуға болады.
Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекетіміздін әрбір азаматы уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүесі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына еңгізілген мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерде алу қамтамасыз етіледі.
Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, азаматтар қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне және кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады;
Міндетті медициналық сақтандыру таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады.
Медициналық сақтандыру жүйесінің аясында :
* жедел жәрдем және санитариялық авиация;
* әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек;
* шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
* профилактикалық екпелерден бөлек,
* амбулаториялық-емханалық көмек;
* стационарлық көмек;
* стационарды алмастыратын көмек;
* жоғары технологиялық медициналық қызметтер.
Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі.
* Амбулаториялық-дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету желісін кеңейту арқылы халықтың қызметтерге қолжетімділігін арттыру
* Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі деңгейін арттыру
* Азаматтардың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру
Бұдан бөлек, қорға аударылған барлық сақтандыру жарнаға қатысты мәліметтер ашық түрде болатынын, сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желідегі «жеке кабинетінен» төлемдердің барлығын ашық түрде көре алатынын, қорда жиналатын қаражаттың медициналық қызметтерге бағытталуы өте маңызды, сондықтан қаржы емделетін әрбір азаматқа тікелей бағытталады.
А.С.Беден,
Халықты ақпараттандыру және,
өтініштерді қарау жөніндегі,
бөлімінің басшысы.