Алматыда танымал актриса қаза болған жол апатына күдікті тұтқындалды

1492
Шолпан Елгезектің фотосы Instagram парақшасынан, оқиға орнынан кадр zakon.kz-тен алынған
Ішкі істер министрлігі Алматыда Gelandewagen-мен болған жантүршігерлік жол апатына күдікті сот санкциясымен тұтқындалғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғадан үш адам қайтыс болған еді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Аталмыш қылмысты жасаған адам ұсталды. Сот санкциясымен тұтқындалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір қай тармақ екені анықталуда ( айып тағылған бап бойынша). Біз қосымша хабарлайтын боламыз», — деп атап өтті ІІМ вице-министрі Жанат Сүлейменов.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсан күні Алматы қаласында жантүршігерлік жол апатынан үш адам ажал құшты. Олардың арасында танымал актриса Шолпан Елгезек те болған.
Ал қайғылы оқиғадан аман қалған танымал актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен еді. Бүгін оның есін жиғаны, жансақтау бөлімінен травматологияға ауыстырылғаны белгілі болды.
Ал жол апатына күдікті азаматтың Gelandewagen-ді мас күйінде жүргізгені анықталған болатын.