Алтынай Жорабаеваның келіні әншінің кімге тұрмысқа шыққанын айтты

1638
Талғат Жорабаевтың келіншегі қайын әпкесін құттықтады.
Кеше кешке Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмыс құрғаны туралы қуанышты хабарымен бөлісті.
«Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес , Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір. Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен. Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге», — деп пікір білдірді Алтынай.
Талғат Жораваевтың жары өзінің  ағасының үйге келін әкелгенін, жеңешелі болғанын айтты. Соған қарағанда, Алтынай өзінің келінінің туысына тұрмысқа шықса керек.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Алтынайдың інісі Талғат Жорабаевтың жары әнші енді оған бұрынғыдан бетер жақын бола түсті деп жазды.
«Апкетай-Женешем бақытты болыңыздар… АҒАМ алтын ғой алтын… Осындай жезде тауып берген сізге Алла разы болсын!!!! Аллаға шүкір етемін… Сіз бақытқа лайықсыз. Жеңешелі болып жатырмын ал қыздарым… Қайын апкем одан-да қатты жақын болды ау… Ағамның гүлі болып жүре беріңіз. Арғындар елі ұлы жүзбен құдаласып жатырмыз ал», — деп жазды Талғат Жорабаевтың жары.
Айта кетейік, Алтынай бұған дейін Сәбит Әдіхалықовпен некеде болған еді. Ол 2017 жылы ажырасуға арыз беріп, Нұр-Сұлтан қаласына көшіп кетті. Ол өзінің 17 жыл бойы өмірі қаншалықты қиын болғанын айтты. Бұрынғы күйеуі бірнеше рет қол көтеріп, оның жеке және шығармашылық өмірін қатаң қадағалап отырған.