Арман Оспанов Мәскеуде қарсыласты супернокаутпен жеңді

1028
Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Арман Оспанов Мәскеу төрінде жеңіске жетті.

ЦСКА кешенінде өткен АСА 95 турнирінде Арман Оспанов Германиядан келген Лом-Али Эскиевпен жұдырықтасқан. Алғашқы раундта Германия спортшысы Арманға қарағанда ширақ қимылдаған. Алайда жекпе-жектің екінші раундында Арман Оспанов қарсыласты тіземен бастан теуіп, супернокаутқа түсірді.
Осылайша «Сұңқар» осыған дейінгі өзге жекпе-жектерде екі рет жеңілістен соң жеңімпаз атанды.
Айта кету керек, Лом-Али Эскиев 1992 жылы Гудерместе дүниеге келген этникалық шешен. Қазіргі уақытта Германияда тұрады және сол елдің намысын қорғап жүр.
Дереккөз:prosports.kz