«Аружан Саинның былығын ашқаным үшін 1,5 жыл тергелдім»

330
Жемқорлыққа қарсы агенттік тексеру керек! Бір ай болды Аружан Саин қоры және оның қызметкері Юрий Юрин жайлы әңгіменің өрбігені.
Юрий Юрин 1986 жылы алаңға шыққан жастардың басынан күрекпен ұрғанын мақтанып жазған пікірді де көзім шалып қалды.
Осы қорға қатысты барлық интернеттегі ақпараттарды оқып шығып, менде осы қорға қатысты білетінімді жазайын дедім.
2015 жылы Аружан Саин Мархабат Омишева әпкенің баласы Ернардың суретін шығарып операцияға деп ақша жинады. 22 мың доллар ақша жиналды. Операция Түркия елінде жасалатын болды. Бірақ Мархабат әпкені Аружан Саинның қызметкерлері Түркияда тастап кетті. Ақшаға қатысты түсініспеушіліктер болды, жиналған ақшадан қорға қалатын пайызы бар екен. Сол себепті олар ақшаны аудармады. Қызметкерлеріне звондап сұрасаң айқайлайды, дұрыс түсіндіріп бермейді, бәрі орысша сөйлейді. Бір ауыз қазақ тілін білмейді. Не керек түрік тілін білмейтін Мархабат әпке менімен Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы сөйлесіп отырып, скайппен шығып ішетін тамақ суына дейін өзі алды. Дәрігерлермен сөйлесейін десе тіл білмейді, олар қалай келіскенін біз білмейміз әбден итіміз шыққан болатын. Түркияда оқуда жүрген қателеспесем Нурат Ильяс ағама шықтым. Сол кісілердің көмегінің арқасында бұл кісілер елге оралды.
Енді Ернарға деп жиналған 22 мың доллар қайда кетті? Сол ақша сол күйі жоқ болды!
Негізі Түркістанда ине жұтып қойды деп айыпталған баланың ата-анасы:»Аружан Саинның былығын ашқаным үшін 1,5 жыл тергелдім»- деген еді. Сол әңгіме рас болып отыр. Бұлардың былығын ашатын уақыт келді.
Халықтың салығы қорларға аударылып жатады. Судың да сұрауы бар! Қазақ жастарының басын жарған адамдарды не үшін асырауымыз керек? Аружан Саинның қаржылық былығы бір басына жетіп артылады, егер шын тексеретін болса! Одан зардап шеккендер бар! Соның бірі Мархабат әпке!
Айгүл Орынбектің фейсбук парақшасынан
«Қамшы» сілтейді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз