Арыста банк бөлімшелері жұмыс істей бастады

1034
Төтенше жағдайды бастан өткерген Арыс жұртшылығы туған қалаларына оралып, тіршілік қыза түсті. Арыстағы барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кетті. Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылып жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Қaладағы сауда орындары мен базарларда, дүкендерде азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдар, тауарлар сатылып жатыр. Ұн, макарон өнімдері, киім-кешек, көкөніс сатылымға шықты. Мал базары да ашылды. Кәсіпкерлер қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.
Ал дүкеніне зақым келген кәсіпкерлерге нысандарды жөндеу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы секторларға бөлінген құрылысшылар көмектеспек. Нысандар қысқа мерзімде жөнделеді.
Арыс қаласында 340-тан астам кәсіпкерлік нысаны бар. Оның ішінде 164 дүкен, 5 базар, 8 тойхана, 28 кафе, 6 наубайхана, 5 дәмхана, 5 қонақ үй тіркелген. Осы нысандардың зардап шекпегендері қалыпты жағдайда жұмысқа кірісіп кетті.