Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды.

2046
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі, Қазақстан Республикасының Конституцилық заңымен «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі және де Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы 230.00 үлгідегі декларацияны келесі санаттағы адамдар ұсынады: 1) Мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары; 2) Қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдар және олардың жұбайлары, шығарылғаннан кейінгі үш жыл бойы; 3) Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар декларацияны жазаның қалған өтелмеген бөлігі аяқталғанға дейін табыс етеді. Kipiстері мен мүлкі туралы декларация тұрған (тұрғылықты жері бойынша салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады, мысалы, 2019 жылдың декларациясын 2020 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсыруы тиіс! Тапсырмаған жағдайда ӘҚБтК 274 бабы 1 тармағына сәйкес 50 АЕК мөлшерінде (132 500тг) айыппұл салынатынын ескертеміз.
Жахан Бекзат Талғатұлы
Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы.