“Астана банкі” жұмысын біржола тоқтатты

1351
“Астана банкі” жұмысын біржола тоқтатты. Ұлттық банк “Астана банкті” жою туралы сотқа шағым түсірген болатын. Бүгін Алматы қалалық соты арызды қанағаттандырды. Бұл туралы Ardak.kz ақпараттық порталы КТКарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде лицензиясынан айырылған банктің Алматыдағы филиалында маңдайшаға жазылған атауынан дейін алынып тасталған.

Айта кетейік, “Астана банкі” қыркүйек айында лицензиясынан айырылды. Қаржы орталығы клиенттері алдындағы міндеттерін дұрыс атқармаған. Сондай-ақ, заңға қайшы әрекеттер жасаған. Салымшылардың сенімсіздігін арқалаған банк ақыры жұмысын тоқтатып тынды. Бүгін шыққан үкім заңды күшіне енгенше, банк бір ай ішінде аппеляциялық шағым түсіре алады.