«Астанадан пәтер жалдағаннан гөрі Берлин мен Парижден үй алған тиімді» — сарапшы

1045

Астана бар болғаны бес алты компанияның меншігі ғана. Сол компаниялар банктер арқылы халықты кемі 15-25 жыл ипотеканың қорасына аямай тыққан.

Елордамыз Астана ұлт мақтанышы бола алмайды. Ол бар болғаны қаңғырған, тоңып секірген қазақ тілділер мен тойып секірген орыс тілділердің ордасы ғана. Оның пайдасын белгілі бір ғана топтар ғана көріп отыр, деп жазады Facebook желісінің қолданшысы, сарапшы Бекболат Қаржан.

«Мынау суретке қарап қазақтар мақтауын келтіріп, аспанға бөркін атып жатыр екен. Мақтанатын түгі де жоқ. Астана бар болғаны бес алты компанияның меншігі ғана. Олар биліктің компаниялары. Сол компаниялар банктер арқылы халықты кемі 15-25 жыл ипотеканың қорасына аямай тыққан. Біздің елде тұрғын үйге берілген ипотека Еуропа елдерінен де қымбат әрі пайызы жоғары. Оның пайдасы бір ғана топтардың еншісінде. Одан да Берлин мен Парижден үй алған тиімді. Бұл қала қаңғырған, тоңып секірген қазақ тілділер мен тойып секірген орыс тілділердің ордасы. 97 пайыз қазақ тілді қазағың жалдамалы құл құтанға айналып кеткен.

Мақтаудың орнына жылайтын жағдай. 

Қала салуға жұмсалған триллиондарға есі дұрыс, санасында саңылауы бар басшы зауыт пен фабрика, инновациялық стратегиялық жоспарлар мен жастардың ғылыми потенциалын, шығармашылық әлеуетін арттыратын есі дұрыс елдің ісін істер еді. Үйлердің бәрі иесін таппай, қаңырап банктерге байланып тұр. Бұдан не ұттың? Халықты ханаға тықтың. Халықтың әлеуметтік ахуалы түзелмей мақтану құдайға да, адамдыққа да қарсы нәрсе. Осыны дінмен түсіндіріп беретін молдалар бар ма екен?» , — дейді жазба авторы.