Астанадағы пирамида қалай өзгеретіні белгілі болды

2823
Әкімдік Президенттік саябақты және іргелес аумақты қайта жаңартуды жоспарлап отыр
Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Бейбітшілік және келісім сарайына барып, ішкі кеңістікті жаңарту бойынша жоспармен танысты, деп хабарлайды әкімдік сайты.
«Құланшы» замануи өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат Бейбітшілік және келісім сарайының қызметі қалай өзгеретінін айтты.
«Біз нысанды жаңа энергиямен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда сәулетші Норман Фостер ойлап тапқан стильге сәйкес келетін барлық бөлме әдемі әрі жайлы болғанын қалаймыз. Концерттік және көрме бағдарламалары, әлеуметтік жобалардың үйлесімділігі маңызды», — дейді Махат.
Пирамидада сондай-ақ коворкинг орталығын ашу жоспарланып отыр.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов сарайдың қызметімен танысып, оның ішкі өзгерістері бойынша ұсынылған тұжырымдаманы қолдап, «еркіндік үшін» және «Arteria» көрмелерін тамашалады. Сонымен қатар, қала басшысы ғимаратқа толық техникалық сараптама жүргізуді тапсырды.