Атырау мұнайшылары қазақ қызымен түскен суреті үшін шетелдікті соққыға жықты (видео)

1700
Оқиға орнына барлық құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры барды.
Атырау мұнайшылары шеруге шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 маусым 2019 жылы, сағат 11:00 шамасында «Теңіз» вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясы жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында «Whatsapp» желісіне қойған суретіне наразылықтарын білдірген. Суретте Eli Daoud қолына рация құралын ұстап тұр, рация антеннасы қызға қарай бағытталған.
Оқиға орнына барлық құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры барды.
Жұмысшылармен кездесуге облыс әкімі, ПД басшылығы, ҰҚҚД, облыс прокуроры ұшып кетті.

Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.