Атышулы “Джейран” тобы тарап тынды

2446
Белгілі отандық “Джейран” тобы өз жұмысын тоқтатты. Топтың тарқағаны туралы музыкалық арналардың бірі хабарлады, деп жазады Stan.kz.
“Ресми түрде. “Джейран” тобы тарап тынды”, – деп хабарланды “Гәкку” арнасының ресми парақшасында.
Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған топқа Әділжан Юсупов продюсерлік еткен. Ол – Баян Алагөзованың күйеу баласы, Баянның сіңлісі Бағым Мұхитденованың күйеуі.
Алғашқыда квартет болып құрылған гелзбендте соңғы кездері үш қыз өнер көрсетіп келді. Олардың қатарында Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай да бар. Сондай-ақ, топта Медина және Фариза есімді қыздар өнер көрсетті.