Ауыл мәдениеті – мәдени мұра құндылықтарының алтын өзег

3709
Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін бөлімге ведомстовлық бағынысты «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мен «Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен біргелікте қызмет атқарып келеді. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар – халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ауданның ауыл округтерінде орналасқан мәдениет үйлері мен клубтар, кітапханаларда кеңінен насихатталып, өткізілуде. Қазіргі таңда ауыл мәдениетін көтеру, халыққа мәдени іс-шараларды ұсыну, мәденит саласындағы мамандардың жұмыс тиімділігін арттыру мен сапасын көтеру, материалдық-техникалық базаларын жақсарту, жаңғырту және мәдениет нысандарына орта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңа мәдениет үйі мен кітапханалар құрылысын салуға жергілікті бюджеттен ұдайы қаржы қарастырылып, қолдау көрсетілуде. Бірқатар жұмыстарды айтар болсақ, «Ауыл –Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 29421,0 мың теңге қаржы қаралып, оның ішінде: аудандық мәдениет сарайы 20349,0 мың теңгеге, аудандық орталық кітапхана 9072,0 мың теңге қаржыға сыртқы-ішкі ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, қатты және сұйық отынмен жылытылатын Қызылқия, Тұрбат, Шарапхана, Үшбұлақ, Жаңабазар және Көкібел ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарына аудан бюджетінен 31 млн. теңге қаралып, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы қаралған қаржы игеріліп, табиғи газ тартылып, іске қосылды. Сондай-ақ, мәдениет нысандары жоқ және сәулеттік құрылыс талабына сай емес, кезінде шаруашылық есебінен салынған 50-100 орындық ауылдық клубтардың орындарына, яғни Шанақ, Қаржан, Сынтас және Жігерген елді мекендеріне 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимараттарын салуға аудан бюджетінің есебінен жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, 1.378,0 млн. теңге қаржыға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, облыстық салалық басқармаларға ұсынылып, тиісті жұмыстар жүрзілуде.
Ауыл кітапханаларын жаңа заман талабына сай жаңа технологиямен жабдықтау, оқырмандардың сұранысқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарына сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында «Модельді ауыл кітапханасын» ашуға, Рабис бағдарламасын енгізуге ұсыныстар берілді.
Облыстық мәдениет басқармасымен келісіліп бекітілген 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда, ауылдық кітапханаларда ауыл округі әкімдерімен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, қоғамдық және шығармашылық бірлестіктермен аудан тұрғындары мен қонақтарына мәдени ойын-сауық, демалыс-тынығу қызметiн көрсету жұмыстары жылдан жылға артып келеді.
2020 жылы 815 мәдени іс-шара жоспарланса, оның ішінде Ұлы ойшыл, философ, ғалым Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Ұлы ақын, кемеңгер
ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өту іс-шаралармен түрлі байқаулар, кездесулер, шығармашылық кештер мен танымдық сағаттар, дөңгелек үстелдер, қойылымдар мен көрсетілімдер өткізу арқылы осы тұлғалардың мұраларын жалпы жұртқа ортақ қазына деп бағалай отырып, бұл асыл мұраны ең алдымен еліміздің болашағы, Мәңгілік Ел жастарының санасына сіңіре отырып, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мен ҚР тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында көтерілген ұлттық құндылықтарды насихаттауға зор үлес қосатын боламыз.
Аудан тұрғындарына, шығармашылық бірлестіктер мен жас дарынды өнарпаздарды қолдау, олардың шығармашылығына көмек көрсету мақсатында барлық мәдениет үйлері мен клубтарында, кітапханаларда құрылымдық үйірмелердің қалың жұртшылыққа қашанда есігі ашық.
Ауылдық кітапханаларда «Бір ел-бір кітап» акциясы мен үгіт-насихат керуені арқылы қалың жұртшылықты кітапқа, кітапханаға қызығушылығын арттыру шараларының нәтижесінде оқырмандар мен келушілер саны артса, ал ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар жанынан құрылған көркемөнерпаз ұжымының «Аулым – алтын бесігім» концерттік бағдарламасына қатысушылар мен көрермендер саны да ұлғайып, қалың жұрттың ыстық ықыласынан орын алып келеді. Ауданымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында ауданаралық концерттік гострольдер ұйымдастыруға кесте бекітілген. Қазығұрт аудандық мәдениет сарайының халық театры Шардара, Мақтаарал, Сайрам, Түлкібас және Сарыағаш аудандарына бекітілген кестеге сәйкес концерттік бағдарламалар мен спектакльдер, түрлі мәдени іс-шаралар өткізуде.
Қазақстан халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке кірігуін қамтамасыз ету үшін ауыл мәдениетін көтеру арқылы мәдени құндылықтарымыздың алтын өзегі мен мәдени мұрасын сақтау мен дамытуда аянбай қызмет ететін боламыз.
Сейілжан Қошқарұлы Ерімбетов,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.