АЯЗДЫ АҚПАНДА АЗИЯНЫҢ АЗУЛЫСЫ АНЫҚТАЛМАҚ

1316
Футбол: XVII Азия кубогы
2019 жылдың 5 қаңтар – 1 ақпан аралығында Біріккен Араб
Әмірліктерінде (БАӘ) футболдан кезекті XVII Азия кубогы сарапқа салынады.
Оған тұңғыш рет 24 ұлттық құрама команда қатысқалы отыр. Спорт
шежіресіне үңілсек, сары құрлықтағы футбол чемпионаты кәрі құрлыққа
қарағанда төрт жыл бұрын басталғанын білуімізге болады. 1956 жылы бастау
алған Азия кубогында Жапония төрт рет (1992, 2000, 2004, 2011 жылдары)
топ жарған. Иран үш рет алтын (1968, 1972, 1976), төрт рет күміс (1980, 1988,
1996, 2004) медаль иеленген. Сауд Арабиясы үш рет чемпион (1984, 1988,
1996), тағы соншама рет вице-чемпион ( 1992, 2000, 2007) атанған. Корея
Республикасы екі рет алтын (1956, 1960), төрт рет күміс (1972, 1980, 1988,
2015), тағы соншама рет қола (1964, 2000, 2007, 2011) медальдарды жеңіп
алған. Израиль бір рет чемпион (1964), екі рет вице-чемпион (1956, 1960)
болған. Кувейт бір-бірден алтын (1980), күміс (1976), қола (1984) медаль
еншілеген. Аустралия бір рет чемпион (2015), тағы бір рет вице-чемпион
(2011) атанған. Ирак бір рет алтыннан алқа таққан (2007). Қытай екі рет күміс
(1984, 2004), екі рет қола (1976, 1992) медальді місе тұтқан. Біріккен Араб
Әмірліктерінде бір-бірден күміс (1996) және қола (2015) медаль бар.Үндістан
(1964) мен Бирма (1968) бір-бір реттен күміспен күптелген. Гонконг (1956),
Тайвань (1960) мен Таиланд (1972) бір-бір реттен қола медальді қанағат
тұтқан. Көршілеріміз Өзбекстан ұлттық құрамасы 2011 жылы жүлделі үшінші
орын үшін өткен бәсекеде Корея Республикасынан 2:3 есебімен ұтылып
қалған. Енді биыл қай командалардың жұлдызы жанар екен?! Сонымен,
аязды ақпанның алғашқы күні Азияның азулысы анықталмақ.
Сұрмергендер жайында әңгіме өрбітетін болсақ, олардың көшін 14 доп
соққан ирандық Али Даей бастап тұр. Кореялық Ли Дон Гуктың еншісінде 10,
ал жапониялық Наохиро Такахарада 9 гол бар. Ирандықтар — Джасем АльХувейди мен Юнис Махмуд қарсыластар қақпасына сегіз допттан соққан.
Ирандықтар – Беташ Фариба мен Хоссейн Калани, кореялық Чхве Сун Хо мен
саударабиялық Фейсаль ад Дахиль жеті реттен мергендігімен көзге түскен.
Саударабиялық Ясир Аль-Кахтани, өзбекстандық Александр Гейнрих (оның
кезінде шымкенттік «Ордабасы» клубының сапында ойнағанын бәріңіз
жақсы білсеңіздер керек), аустралиялық Тим Кэхилл алты голдың авторы
атанған.
XVII Азия кубогына қатысатын 24 ұлттық құрама команда алты топқа
бөлінген:
А тобы: БАӘ, Бахрейн, Таиланд, Үндістан
В тобы: Аустралия, Сирия, Иордания, Палестина
С тобы: Корея Республикасы, Қытай, Қырғызстан, Филиппины
D тобы: Иран, Вьетнам, Ирак, Йемен
Е тобы: Корей Халық Демократиялық Республикасы (КХДР), Катар, Сауд
Арабиясы, Ливан
F тобы: Жапония, Өзбекстан, Оман, Түркіменстан
Әр топтан алғашқы екі орынды иеленген құрамалар 1/8 финалға шығады.
Оларға үшінші орын алғандарының арасынан үздік деп танылған тағы төрт
команда қосылады.
Ойын кестесі:
5 қаңтар 20.00* БАӘ – Бахрейн Абу-Даби, Шейх Зайед стадионы
6 қаңтар 15.00 Аустралия – Иордания Эль-Айн, Хазза бин Зайед стадионы
17.30 Таиланд – Үндістан Абу-Даби, Аль-Нахайян стадионы
20.00 Сирия – Палестина Шарджа, Шарджа стадионы
7 қаңтар 15.00 Қытай – Қырғызстан Эль-Айн, Шейх Халифа атындағы
Халықаралық стадион
17.30 Корея Республикасы – Филиппины Эль-Айн, Аль-Мактум
стэдиум
20.00 Иран – Вьетнам Абу-Даби, Мохаммед бин Зайед стадионы
8 қаңтар 17.30 Ирак – Йемен Абу-Даби, Шейх Зайед стадионы
20.00 Сауд Арабиясы – КХДР Дубай, Мактум ибн Рашид АльМактум стадионы
9 қаңтар 15.00 Жапония – Түркіменстан Абу-Даби, Аль-Нахайян стадионы
17.30 Өзбекстан – Оман Шарджа, Шарджа стадионы
20.00 Катар – Ливан Эль-Айн, Хазза бин Зайед стадионы
10 қаңтар 15.00 Бахрейн – Таиланд Эль-Айн, Аль-Мактум стэдиум
17.30 Иордания – Сирия Эль-Айн, Шейх Халифа атындағы
Халықаралық стадион
20.00 Үндістан – БАӘ Абу-Даби, Шейх Зайед стадионы
11 қаңтар 15.00 Палестина – Аустралия Дубай, Мактум ибн Рашид АльМактум стадионы
17.30 Филиппины – Қытай Абу-Даби, Мохаммед бин Зайед
стадионы
20.00 Қырғызстан – Корея Республикасы Эль-Айн, Хазза бин
Зайед стадионы
12 қаңтар 15.00 Вьетнам – Ирак Абу-Даби, Аль-Нахайян стадионы
17.30 Йемен – Иран Шарджа, Шарджа стадионы
20.00 Ливан – Сауд Арабиясы Эль-Айн, Аль-Мактум стэдиум
13 қаңтар 15.00 КХДР – Катар Эль-Айн, Шейх Халифа атындағы
Халықаралық стадион
17.30 Оман – Жапония Абу-Даби, Шейх Зайед стадионы
20.00 Түркіменстан – Өзбекстан Эль-Айн, Аль-Мактум
стэдиум
14 қаңтар 20.00 Үндістан – Бахрейн Шарджа, Шарджа стадионы
20.00 БАӘ – Таиланд Эль-Айн, Хазза бин Зайед стадионы
15 қаңтар 17.30 Аустралия – Сирия Эль-Айн, Шейх Халифа атындағы
Халықаралық стадион
17.30 Палестина – Иордания Абу-Даби, Мохаммед бин
Зайед стадионы
16 қаңтар 17.30 Қырғызстан – Филиппины Дубай, Мактум ибн Рашид
Аль-Мактум стадионы
17.30 Корея Республикасы – Қытай Абу-Даби, Аль-Нахайян
стадионы
20.00 Вьетнам – Йемен Эль-Айн, Хазза бин Зайед
стадионы
20.00 Иран – Ирак Эль-Айн, Аль-Мактум стэдиум
17 қаңтар 17.30 Оман – Түркіменстан Абу-Даби, Мохаммед бин
Зайед стадионы
17.30 Жапония – Өзбекстан Эль-Айн, Шейх Халифа
атындағы Халықаралық стадион
20.00 Ливан – КХДР Шарджа, Шарджа стадионы
20.00 Сауд Арабиясы – Катар Абу-Даби, Шейх Зайед
стадионы
1/8 финал
20 қаңтар 13.00 Дубай, Мактум ибн Рашид Аль-Мактум
16.00 Эль-Айн, Хазза бин Зайед стадионы
19.00 Абу-Даби, Мохаммед бин Зайед стадионы
21 қаңтар 13.00 Шарджа, Шарджа стадионы
16.00 Эль-Айн, Шейх Халифа атындағы Халықаралық
стадион
19.00 Абу-Даби,Шейх Зайед стадионы
22 қаңтар 15.00 Дубай, Мактум ибн Рашид Аль-Мактум стадионы
18.00 Абу-Даби, Аль-Нахайян стадионы
Ширек финал
24 қаңтар 15.00 Дубай, Мактум ибн Рашид Аль-Мактум стадионы
18.00 Абу-Даби, Мохаммед бин Зайед стадионы
25 қаңтар 15.00 Абу-Даби, Шейх Зайед стадионы
18.00 Эль-Айн, Хазза бин Зайед стадионы
Жартылай финал
28 қаңтар 16.00 Эль-Айн, Хазза бин Зайед стадионы
29 қаңтар 16.00 Абу-Даби, Мохаммед бин Зайед стадионы
Финал
1 ақпан 16.00 Абу-Даби, Шейх Зайед стадионы
*Астана уақытымен
Стадиондар:
Абу-Даби, Шейх Зайед стадионы, 49 500 орындық
Абу-Даби, Мохаммед бин Зайед стадионы, 42 056 орындық
Эль-Айн, Хазза бин Зайед стадионы, 25 000 орындық
Эль-Айн, Аль-Мактум стэдиум, 18 000 орындық
Эль-Айн, Шейх Халифа атындағы Халықаралық стадион, 16 000 орындық
Дубай, Мактум ибн Рашид Аль-Мактум стадионы, 12 000 орындық
Шарджа, Шарджа стадионы, 10082 орындық
Абу-Даби, Аль-Нахайян стадионы, 10 000 орындық
Әбдісаттар ӘЛІП,
Спорт журналистері арасындағы республикалық шығармашылық конкурстың
лауреаты.
Шымкент қаласы.