Айшолпан Президентпен кездесті

1212
Бүгін қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.
«Нұр әлем» көрме кешенінде Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу рәсімінде бүркітші қыз Айшолпан сөз сөйледі. Ол құсбегілік өнерде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, бүгінгі маңызды шараға қатысқанына қуанышты екенін айтты.

«Алтайдағы аз қазақтың аманаты бар еді. Сізді Бай өлкеге қонақ болуға шақырамыз. Ақ дастарханнан дәм татып кетсеңіз, алыстағы ағайынның рухы бір жасап қалар», — деді Айшолпан Нұрғайыпқызы.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

дереккөз:baq.kz
Қымбат Елтайқызы