Азаматтардың еңбек құқықтары қорғалуда

1407
Жыл басынан Шымкент қаласының прокуратурасымен 6 кәсіпорында 816 қызметкердің 117 млн. теңгеге жуық қалыптасқан жалақы қарызының төленуі қамтамасыз етілді.
Осылайша, Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп жүргізген жұмыстарының нәтижесінде «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-і 66 млн. теңгеге 365 қызметкердің жалақы қарызын төледі.
Бұдан басқа, «Саудеинвест» ЖШС-нің басшысына қатысты жұмысшылардың жалақысын басқа мақсаттарға жұмсауына байланысты толық және уақытылы төлеуді бірнеше рет кешіктіргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды (ҚР ҚК 152-бабының 3-бөлігі), ол а.ж. 12 наурызынан бастап Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының өндірісінде.
Банкроттық сараптама жұмыстарының нәтижесінде, прокурорлармен анықталған «Нарде» ЖШС-нің бірқатар мүлктері аукцион арқылы заңды тұлғаға сатылып, алынған түсім 37 жұмыскердің алдындағы 4,6 млн. теңге жалақы қарызын өтеуге жұмсалды.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қадағалау қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Шымкент қаласының прокуратурасы.