Қазығұрт ауданының 23 елді мекені газсыз қалды

1555
28 сәуірде «Энерджи сервис» компаниясы газбен жабдықтау ұйымының келісімінсіз жер қазу жұмыстарын жүргізіп, салдарынан диаметрі 400 мм жоғары қысымды жерасты газ құбыры бүлінген.
Компания өкілдерінің айтуынша, олар электрмен жабдықтау тіректерін орнату үшін тік бұрғылау жүргізді. Нәтижесінде 2810 үйге, 17 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорынға және 7 өнеркәсіптік кәсіпорынға көгілдір отын беретін газ құбырына зиян келтірген. ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының мамандары газ кетуін тоқтатты. Айта кетейік, газ құбыры ТКШ балансында тұр, демек, газдың қашан қосылатынын тек Түркістан облысының ТКШ басқармасындағылар ғана айта алады.
Газ беру құбырды қалпына келтірілгеннен кейін және шығындарды өтегеннен соң іске асады. Және бұған біраз уақыт керек болады, өйткені көгілдір отынды қайта қосу үшін мамандар әрбір үйге кіруі қажет.
Дереккөз:otyrar.kz