Бақытжан Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы болды

1276
Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Сағынтаев өз қызметін сақтап қалған. Бұған дейін осы жылдың 24 наурызда президент бұрынғы премьер-министрді Президент Әкімшілігінің Басшысы етіп тағайындаған болатын.