Балаларымызға жақсылық жасайық!

2488
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Жиделі елді мекенінде 5 жылдан бері Балалар көркемсурет мектебіне қарасты «Шұғыла» аула клубы жұмыс жасап келеді. Балаларымыз мектептен кейінгі бос уақытын осында өткізеді. Мұнда сурет, домбыра, бокс сияқты түрлі үйірмелерге қатысады. Балаларымыз осы аула клубының арқасында бокстан, ән айтудан халықаралық, республикалық жарыстарда жүлде алып, ауылымыздың мақтанышына айналуда.

 

Осындай жетістіктерге жетіп жүрген, аула клубының маңында 200 түптей алма ағашы отырғызылған және балалар ойнайтын спорт алаңы бар. Өкінішке орай, бұл мектеп аумағының қоршаулары жоқ болғандықтан, айналадағы ауыл тұрғындарының малдары емін-еркін кіріп жайылып жүреді. Мектеп қызметкелерімен бірге қанша рет ескертсек де тыңдар құлақ жоқ. Алысумен шаршадық. Айналайындар-ау, осы мектепке барып білім алып жүрген өз балаларымыз ғой, Ауыл тұрғындарын тағы да БАҚ құралдары арқылы ұялтуға тура келіп тұр. Балаларымыздың алаңсыз ойнауына кедергі келтірумен қатар, аула клубының тазалығына да нұқсан келтіріп жатқан малдарыңызға ие болыңыздар. Ал осы мектептің және оның жаныңдағы медициналық орталықтың қоршауларын жөндетіп беру жөнінде Шымкент қаласының әкіміне және Абай ауданының әкімі Б.Р. Парманов мырзаға Жиделі ауыл тұрғындары атынан өтініш те жасағанбыз. Елбасымыз еліміздің болашағы жастар екенін үнемі айтады. Ендеше, балаларымыздың қауіпсіздігін ойлап, ауыл тұрғындарының өтінішіне әкім мырзалар құлақ асар деген үміттеміз.
Б.ЕРИМБЕТОВ,
Жиделі елдімекені биі,
Абай ауданы