Барлық көлік жүргізушілердің назарына!!!

1043
Қазығұрт ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,сіздерден алдағы уақытта көлік салығын мерзімінде төлеуге,орындауға және көлік салығы түсімдерін тиісті мөлшерде түсуін қамтамасыз етуге шақырады.Ең бірінші қанша салық төлейтініңізді анықтап алыңыз. Айта кетейік,салықты бір жылға емес,көлік сатып алғаннан бергі нақты уақытқа төлейсіз.Қанша салық төлейтініңізді білу үшін мемлекеттік кірістер қызметінің ресми сайтынан немесе egov.kz-тегі ресми калькулятор арқылы есептеп білсеңіз болады.Немесе салық органына барып біле аласыз. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы салық кодексінің 490 бабында меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылатыны көрсетілген. Бүгінгі күнге дейін Қазығұрт ауданы бойынша 2019 жылға 19123 жеке тұлғалардың автокөлік құралдарының 11358-нің көлік салығынан берешегі анықталып отыр.Осыған байланысты жеке тұлғалардың 2019 жылға көлік салығын төлемеген жағдайда ,әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңына сәйкес шаралар көрілетінін, мәжбүрлі түрде өндіру жұмыстары жүргізілетінін ескертеміз.
Қазығұрт ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
“Салық төлеушілермен жұмыс”бөлімінің Б.Абданов
бас маманы