Барселона қаласының жағалауына тоқтаған Алишер Усмановтың яхтасы жұртты дүрліктірді

1447
Ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасы Барселона портына тоқтап, жергілікті тұрғындарға бұрын-соңды болмаған әсер сыйлады, — деп хабарлайды «Sputnik-Узбекистан».
Жергілікті тұрғындар мен туристер «Дилбар» яхтасының фонында суретке түсіп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. «Оның жанында айлақта тұрған миллиардерлердің кемелері Усмановтікімен салыстырғанда ойыншық секілді», — деп жазды қолданушылардың бірі.

156-метрлік кеменің су сыйымдылығы бойынша әлемде бірінші орында (16 мың тоннаға жуық гросс-тоннаж) және ұзындығы бойынша төртінші орында. Осы параметрі бойынша Усмановтың кемесі үш яхтадан қалады — шейх Халифа бен Заид Әл Нахайянның, Бруней ханзадасы және Роман Абрамовичтің.
«Дилбар» кемесінің бағасы жарияланбайды, бірақ сарапшылар оны шамамен 600 миллион долларға бағалады. Ол 120 адамға дейін сыйдыра алады, екі тікұшақ алаңымен жабдықталған, онда бірнеше бассейн, кинотеатр, спортзал, мейрамхана бар. Усманов яхтаны екі жыл бұрын сатып алды. Кәсіпкер яхтаны анасының құрметіне атаған.