Қазақстандық олигархтар Назарбаевтың үндеуінен кейін бір тәулікте 41 миллион доллар жинады

834
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған коронавируспен күрес жөніндегі қоғамдық қор 41 миллион доллар алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.
Оның айтуынша, Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында отандық кәсіпкерліктің өркендеп, нығаюы үшін барлық нәрсе жасалды. «Күшті бизнес — қуатты мемлекет»деген қағидат постулат болды. Дамыған бизнес қоғамның әл-ауқатының негізі болып саналды.
«Кеше елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпкерлерді мемлекеттің күш-жігерін қолдауға және осы қиын сәтте қаржылай көмек көрсетуге шақырды. Отандық бизнес-қауымдастықтың кейбір өкілдері мен ірі кәсіпорындардың басшылары Қазақстанның Тұңғыш Президентінің үндеуіне үн қосты. Қазіргі уақытта құрылған қоғамдық қорға Eurasian Resources Group компанияларынан — 10 миллион доллар, «Қазақмыс «корпорациясы» ЖШС-нен — 10 миллион доллар қаражат түсті», — деді Айдос Үкібай.
Сондай-ақ, ол қайырымдылыққа меценаттар мен бизнесмендер: Тимур Құлыбаевтен – 10 миллион доллар, Айдын Рахымбаевтан – 2 миллион доллар, Кеңес Рақышевтен – 1 миллион доллар, Ғалымжан Есеновтан – 2 миллион доллар, Рашид Сәрсенов – 2 миллион доллар, Александр Клебановтан – 2 миллион доллар, Александр Беловичтен – 2 миллион доллар түскенін хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қорға түскен қаражат сомасы 41 миллион долларды құрайды ( Ұлттық банк бағамы бойынша 18,2 миллиард теңгеден астам).
Айдос Үкібай төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның атынан қоғамдық қормен өзара іс-қимылды премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жүзеге асыратынын атап өтті. Жиналған қаражат мемлекеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес бөлінеді.
«Қоғамдық қор қаражат жинауды жалғастыруда және отандық бизнесмендерді, меценаттарды және немқұрайлы қарамайтын азаматтарды ортақ істерден тыс қалмауға шақырады. Аталған қаражат қауіпті инфекцияға қарсы күресте қажетті қажеттіліктерге — медициналық препараттарды, қорғаныс құралдарын, өкпені жасанды желдету аппараттарын, азық-түлікті және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бірінші қажетті тауарларды сатып алуға жұмсалады», — деді елбасының баспасөз хатшысы.
Айдос Үкібай қаражат шығынын қоғамдық және мемлекет қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін қордың қамқоршылық кеңесі қатаң және ашық бақылайтынын мәлімдеді.
«Қордың қамқоршылық кеңесі ірі бизнес өкілдерінің осы игі бастамаға қосылатынына сенімді», — деп қорытындылады Айдос Үкібай.
Бұған дейін ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және үкіметтің осы күндері коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу үшін жүзеге асырып жатқан іс-әрекеттерін қолдауға шақырды.
Сонымен қатар, елбасы осы қиын-қыстау кезеңде елге көмектескісі келетін және көмектесетін адамдардың қаражатын жинайтын республикалық қор құруды ұсынды.
«Осындай қорлар әр облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда құрылуы керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.