Демократиялық елдің еркін таңдауы

2399
Мен, Қожамжарова Дария Пернешқызы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президенттік сайлау туралы үндеуін қажет әрі дұрыс шешім деп қабылдаймын.
Біз алдағы 5 жылдықта өз бағытымыз бен ел басқаратын лайықты басшы сайлауымыз керек. Еліміз қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отыр. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады.
30 жылдан астам уақыт білім саласында еңбек етіп келемін. Менің ойымша, бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясатта ұстанған бағытының арқасында біздің елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, этносаралық келісім, халықтар достығы мен өзара түсіністігі орнаған. Бұл – үлкен жетістік. Біз Елбасының сара жолымен жүріп келеміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек деп есептеймін.
Алдағы уақытта халқымызды жауапты да салмақты шешім күтіп тұр. Қазір заман өзгерді, дүние жүзіндегі ахуал өзгерді. Қазақстанның дүние жүзіндегі үлес салмағы өзгерді. Президент сайлауына мұқият дайындалуымыз және соған бір кісідей асталысуымыз керек.
Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның жас азаматтарды «Тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңдер», деп шақырды. Ал мен сол жастармен қатар барша қала тұрғындарын алдағы сайлауға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын!
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ