“Ең жоғары ұпай иесі”: Димаш америкалық шоудың алғашқы кезеңінде топ жарды (видео)

1471
Димаш Құдайберген АҚШ-та өтіп жатқан The World Best’s байқауының алғашқы кезеңінде өнер көрсетті. Жерлесіміз әділ-қазылардың ең жоғары ұпайына ие болған жалғыз қатысушы болып, көш бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Димаш екінші кезеңде бас аяғы 98 ұпайға ие болған.
Күні кеше қазылар алқасының Димашқа орындарынан тұрып, қошемет көрсеткенін жазған едік. Бұл кезеңде Димаш француздың әйгілі S.O.S d’un terrien en détresse туындысын орындаған.
ДимашқаДрю Бэрримор, Ру Пол мен Фэйт Хилл 50 ұпайдан баға берді. Сондай-ақ, халықаралық төрешілер оған 48 ұпай қосып, Димаш жалпы саны 98 ұпаймен көш бастады.
“Димаш бас қазылардан 50-50-50 көрсеткішке ие болған жалғыз қатысушы, ол көшбасшы. Басқа қатысушылардың қасында Димаш оқушылар арасындағы кәсіби маман сияқты. Әрі қарай байқаулардан бас тартатыны дұрыс. Тек мына байқау оған Батыста аудиториясын кеңейтуге керек болған сияқты. Бұл оның қолынан келді”, – дейді желі қолданушыларының бірі.