Димаштың жетістігін қайталады: қазақ әншісі «Славян базарында» жеңіске жетті

74
«Витебск-2019» вокалшылар конкурсының Гран-при иегері 20 мың доллар жүлде алады
Әділхан Макинге жабылу салтанатының гала-концерті кезінде марапат тапсырылады: ол 180 ұпайдан 178 ұпай жинады.
Грузиядан келген Георгий Путкарадзе бірінші орынды және 15 000 доллар көлеміндегі ақшалай сыйлықты иеленді. Ол 171 ұпай жинап (Израиль өкілі Илаймен бірдей), қазылар алқасының төрағасы Тамара Гвердцителиден қосымша дауыс алды, деп жазды Sputnik Беларусь.
Илай мен 170 ұпай жинаған Беларусь өкілі Ваня Здонюк екінші орыннан көрініп, 5 мың доллар мен арнайы сыйлықтың иегері атанды.Үшінші орын ресейлік Иван Дятлов (168 ұпай) пен украиналық Дмитрий Бабакқа (167) бұйырды: олар арнайы сыйлық пен бес мың доллардың жүлдесін тең бөлді.
Әділхан Макин туралы не білеміз
Әділхан Макин Болгарияда поп-рок орындаушылар арасында өткен «Сарандев 2019» халықаралық жастар байқауында бірінші орын иеленген.
Бұдан бөлек, былтыр X Factor тележобасына қатысып, финалға дейін жетті.
Конкурстың алғашқы күнінде Әділхан Макин «Озеро надежды» (видеода 27 минут) әнін шырқады, әннің сөзі мен музыкасын ресейлік сазгер Игорь Николаев жазған.
Қазақстандықтардың жұлдызын жаққан «Славян базары»
Биыл «Славян базары» 8-17 шілде аралығында өтті. Музыкалық байқауға он сегіз елдің әртістері қатысты.
Қазақстандықтар халықаралық фестивальде биіктен көрініп келеді. 2011 жылы Әлішер Кәрімов үшінші орын иеленсе, 2015 жылы Димаш Құдайберген бас жүлдені жеңіп алды, ал былтыр Әміре (Ернар Сәдірбаев) бірінші орын алды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз