ЕДЕНДЕГІ 5 МИЛЛИОН

305
Татарстанда жергілікті кәсіпкердің балалары әкесіне жағасын ұстатқан төтенше сый жасап, бейнебаян жолдады. Руслан мен Артур атты жүгірмектер сейфтен бес мыңдықтан тұратын 5 миллион рубльді кілем бетіне, дәлізге төсеп тастаған.
– Папа, мамам сейфті тағы да ашық қалдырыпты. Біз сенің ақшаңнан керемет кілем жасап, саған төтенше сый жасап жібердік, – дейді ұлы Руслан.
– Бізде Тиматиден де көп, – деп мақтанады Артур.
– Руслан, папа ұрсады деп ойлайсың ба? – дейді інісі.
– Білмеймін, ұрыспайтын шығар, – дейді ол.
Әлеуметтік желіде бұл оқиға жөнінде әр түрлі ойлар айтылып жатыр.
Бәрінен де балалардың қолына оттық түспегеніне қуанды.
«Балалы үйдің ұрлығы жатпас» деген осы.
Дереккөз:almaty-akshamy.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз