Елдің бөлінбес ынтымағы осындайда білінеді – жазушы Мархабат Байғұт

117
Қиыншылықты бірігу арқылы ғана жеңіп шығатынымыз аян. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт осындай пікірін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ел басына осындай қиыншылық түскен кезде бірігу арқылы ғана жеңіп шығатынымыз аян. Әсіресе, кәсібін дөңгелетіп, ел игілігі жолында еңбек етіп жатқан жеке кәсіпкерлердің осындайда жомарттық танытуы қуантарлық жағдай. Елбасы Қазақстанның барлық азаматтарына, оның ішінде кәсіп иелеріне ерекше үндеу жолдады. Аты жаман аурудан халықты аман алып шығу үшін өз үлестерін қосуға шақырды», — деді ол.
Мархабат Байғұттың айтуынша, жаны жомарттыққа жақын Түркістанның атымтай азаматтары бұл үндеуге бірден қолдау білдірген.
«Арыс оқиғасы кезінде талайға шарапаты тиген «Түркістан« қорына қаражат аударып, аурудың кең таралуының алдын-алуы үшін көмек көрсетер кәсіпкерлер шықты. Оның үстіне барлық саланың қызметкерлері біркүндік айлық ақыларын аударып, үлестерін қосуда. Міне, елдің бірлігі, бөлінбес ынтымағы осындайда білінеді. Жұмыла көтерген жүктің ауыр болмайтыны дәлелдеп, біз бұл қиындықты да бірлікпен, темірдей тәртіппен, жоғары жауапкершілікпен, талапшылдықпен, тазалықпен жеңіп шығарымызға кәміл сенемін», — деді қоғам қайраткері.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз