Еліміздің ең келбетті әкімі анықталды

1065
Қазақстандықтар өзінің ең сымбатты әкіміне дауыс беріп, таңдау жасады. Осыдан үш күн бұрынғы «Еліміздің ең келбетті әкімі кім?» атты сауалнаманың нәтижесі шықты деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақстандықтардың ең көп дауысымен (1800 дауыс) Шымкент әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы — ең келбетті әкім атанды.
Ал екінші орынға 1700 дауыспен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов шыққан.
Ең келбетті әкімдер үштігін Түркістан облысының әкімі —Жансейіт Түймебаев тәмәмдаған (1200 дауыс) бар.
Сауалнама нәтижесінде Тараз әкімі Асқар Мырзахметов — 1100 дауыспен төртінші орынға жайғасса, үздік әкімдер рейтигінде көш басынан түспейтін Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл жолы — 676 дауыспен бесінші орында.
Тізімде одан кейінгі орындарда:
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов — 298 дауыс;
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов — 272 дауыс;
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев — 253 дауыс;
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов — 219 дауыс;
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов — 154 дауыс;
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов — 113 дауыс;
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов — 87 дауыс;
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов — 69 дауыс жинаған.