ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

769
Бүгін Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша алғашқы жеке қабылдауын өткізді.
Қала басшысымен кездесуге келген тұрғындар екі сағат уақыт аралығында сапалы электр жарығы, коммуналдық төлемдер, тұрғын үй, жер мәселесі мен әлеуметтік көмектер бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Жеке қабылдауда болған 10 азаматтың өтінішін тыңдаған әкім айтылған өтініштерді заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Сонымен бірге әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі