Футбол: Қазақстан кубогы ширек финалының жеребесі тартылды

1021
Бүгін футболдан Қазақстан кубогы ширек финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, 27 наурызда Қазақстан кубогының алғашқы іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Ал 10 сәуірде еліміздің сегіз қаласында футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалдық кезеңі ойындары өткен болатын.
Жарыстың ширек финалына Семейдің «Алтай», Павлодардың «Ertis», «Қайрат», Қызылорданың «Қайсар», Шымкенттің «Ордабасы», Қостанайдың «Тобыл» және «Тараз», «Атырау» командалары жолдама алған еді. Бұл командалар ширек финалдағы қарсыластарын анықтады.
Енді «Қайрат» пен «Тобыл», «Тараз» бен «Ордабасы», «Алтай» мен «Атырау», «Ertis» пен «Қайсар» командалары кездесетін болды. Ширек финал ойындары 8 мамырда өткізіледі. Жарыстың аталмыш кезеңі бір ғана ойыннан тұрады.
Футбол: Қазақстан кубогы ширек финалының жеребесі тартылды