Футболдан Еуропа лигасы: Финалда «Челси» мен «Арсенал» кездеседі

1010
Бүгін УЕФА Еуропа лигасы жартылай финалындағы тағы бір ойын аяқталды.
Англияның «Челси» командасы өз алаңында Германияның Майндағы Франкфурт қаласының «Айнтрахтын» қабылдады. Алғашқы кездесуде жеңімпаз анықталған жоқ. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Бүгінгі кездесуде де соған ұқсас жағдай өрбіді. «Челси» сапынан 28-минутта   Рубен Лофтус-Чик өз командасын алға шығарса, «Айнтрахт» ойыншысы Лука Йович 49-минутта таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Нәтижесінде кездесу қосымша кезеңге ұласты. Дегенмен қосымша кезеңде де жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде «Челсидің» жолы болды.
Футболдан Еуропа лигасы: Финалда «Челси» мен «Арсенал» кездеседі
Футболдан Еуропа лигасы: Финалда «Челси» мен «Арсенал» кездеседі
Естеріңізге сала кетелік, «Челси» УЕФА Еуропа лигасында 2012/2013 жылғы кезеңде чемпион атанды. Ал «Айнтрахт» өзінің тарихында тұңғыш рет жартылай финалға дейін жетіп отыр.
Бұдан бұрын Англияның «Арсенал» клубы сырт алаңда Испанияның  «Валенсиясын» 4:2 есебімен жеңіп, финалға шыққанын хабарлаған едік. Аталмыш командалар арасындағы алғашқы кездесуде ағылшындар 3:1 есебімен басым түсті.
Футболдан Еуропа лигасы: Финалда «Челси» мен «Арсенал» кездеседі
Осылайша УЕФА Еуропа лигасында да қос ағылшындық клуб бас жүлдені сарапқа салатын болды. Бұдан бұрын УЕФА Чемпиондар лигасында Англияның «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм Хотспурс» командалары бәсекеге түсуге мүмкіндік алды.
Футболдан Еуропа лигасы: Финалда «Челси» мен «Арсенал» кездеседі
УЕФА Еуропа лигасының финалдық ойыны 29 мамырда Баку қаласында өткізіледі. Бұған дейін УЕФА Чемпиондар лигасының финалына Англияның «Ливерпуль» және «Тоттенхэм Хотспурс»  командалары шыққаны хабарланған болатын.
Футболдан Еуропа лигасы: Финалда «Челси» мен «Арсенал» кездеседі