Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталынын айтты

112
Зерттеушілер жасанды интеллект арқылы алынған мәліметтер негізінде осындай болжам жасаған
Сингапурдегі технология және дизайн университетінің ғалымдары әлемде коронавирус пандемиясы жыл соңына қарай аяқталады деген болжам жасап отыр.
Америкалық The New York Post басылымының хабарлауынша, АҚШ-та дерттің таралуына күзде тосқауыл қойылады.
Сингапурлық ғалымдар зерттеу жүргізу үшін арнайы математикалық үлгіні пайдаланған, ол әлем бойынша адамдардың коронавирус жұқтыру және одан жазылу динамикасын көрсеткен.
«Бұл пандемия биыл желтоқсанда аяқталады», — деген қорытындыға келген ғалымдар.
Дегенмен, бұл тек болжам ғана, сондықтан әлем елдерінің шектеулерді алып тастауға асықпағаны жөн, дейді зерттеушілер.
Айта кетсек, бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясы 5 409 332 адамнан табылды. 344 018 адам қайтыс болды, 2 250 641 адам сауықты.
Қазақстанда коронавирус табылғандар саны 8 322 адамға жетті, өсім — 5,1%.

Дереккөз:sputniknews.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз