Ғалымдар қай жылы туғандардың өмір жасы қысқа болатынын айтты

177
Зерттеушілер 2008 жылғы экономикалық дағдарыс халықтың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай зиян тигізгенін алға тартады.
АҚШ-тағы Дюк университетінің ғалымдары жасаған қорытынды бойынша, Х (38-45 жастағы адамдар) және Y (27-37 жастағы адамдар) ұрпағының өкілдерінің, сондай-ақ бэби-бумерлердің (ХХ ғасырдың ортасында дүниеге келгендер) өмір жасы қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Science Daily басылымына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Ғалымдар атап өткендей, 2008 жылғы экономикалық дағдарыс кезінде Х және Y ұрпақтары өкілдерінің жасы 25 пен 43 аралығында болды. Олар жұмыссыздыққа байланысты күрделі мәселелерге тап болып, бұл олардың денсаулығына зиянын тигізген.
«Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар жас ұрпақтың мойнындағы қаржылық қиындықты біледі, бірақ бұл адамдар арасында өлім-жітім деңгейінің жоғары екеніне мән бере қоймайды», — дейді зерттеу атворлары.
Олар АҚШ-тың ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығының 1990-2016 жылдардағы деректеріне сараптама жүргізді.
Ғалымдар анықтағандай, X ұрпағы мен миллиениалдар (Ү ұрпағы) арасында өлім-жітімнің басты себебі – суицид, есірткіге салыну, маскүнемдікке қатысты дерттер, диабет, қатерлі ісік және жол апаты.
Бэби-бумерлерге келер болсақ, олардың өміріне негізінен арасында жол апаты, нашақорлық, кісі өлтіру, өз-өзіне қол салу, ВИЧ/СПИД және өкпенің созылмалы аурулары қауіп төндіреді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз