Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

313

Боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, КО) келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгіленді.

Sports.kz-тің жазуынша, Геннадий Головкин әуесқой бокстан 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері бразилиялық Эскива Фалькаомен (28-0, 20 КО) тамыз айында жұдырықтасуы тиіс.

Бұған дейін Геннадий Головкиннің WBA Super чемпионы, жапондық боксшы Риота Муратамен желтоқсан айында жекпе-жек өткізетіні айтылған болатын.