Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

855
Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді. Боксшының айтуына қарағанда, ағайынды Германдар оның есімін пайдаланып, заңсыз жолмен ақша жинауға тырысқан. Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерімен 3,5 миллион үшін соттасып жатыр. Бұл туралы америкалық The Blast басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Головкиннің айтуынша, Германдар оны ұзақ жылдардан бері пайдаланып, өзіне тиесілі миллиондаған доллар ақшаны қалтаға басқан.
Сот құжаттарына сәйкес, Максим мен Олег Германдар көрсеткен қызметтері үшін комиссияны артығымнен алған. Сондай-ақ, боксшының соңғы кездесулерінде ешқандай қызмет көрсетпесе де, ол үшін ақы алған.
Головкин ағайынды Германдармен байланысын 2017 жылы үзген. Алайда олар келісім-шарттың үзілгеніне қарамастан, Гена мен Альварестің арасындағы қарымта кездесуден ақша таппақ болған.
Ол сот арқылы 3,5 миллион доллар ақшаны қайтарғысы келеді.