Головкин тағы да үздіктер қатарында

1672
WorldBoxingNews.net порталы WBC тұжырымы бойынша аңызға айналған әлем чемпиондарының үздік ондығын (Топ-10) жариялады, рейтингте қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге де орын табылған.  
Головкин барлық уақыттағы WBC чемпиондарының тізімінде бұрынғысынша жоғарғы орындардың бірінен көрінді, деп хабарлады Sports.kz.
Ол аңызға айналған әлем чемпиондарының үздік ондығында жетінші орынға тұрақтады. Сарапшылардың пікірінше, WBC ұйымы GGG-ді орта салмақтағы WBC тұжырымының уақытша чемпионы Джермалл Чарломен кездестіру үшін мұндай қадамға әдейі барып отыр.
Бұған дейін Головкин WBC белбеуін төрт рет қорғады, дегенмен биылғы жылдың қыркүйегінде «Канело» Альварестен төрешілер шешімі бойынша жеңілді. Осыдан кейін ол колумбиялық Родриго Вальдес, аргентиналық Серхио Мартинес және Виргин аралдарының өкілі Эмиль Гриффитті артқа тастап, рейтингте жетінші орынды иеленді.
WBC тұжырымы бойынша әлем чемпиондарының үздік ондығы: 
1. Шугар Рэй Леонард (АҚШ)
2. Бернард Хопкинс (АҚШ)
3. Джои Джиарделло (АҚШ)
4. Карлос Монсон (Аргентина)
5. Марвин Хаглер (АҚШ)
6. Нино Бенвенути (Италия)
7. Геннадий Головкин (Қазақстан)
8. Эмиль Гриффит (Виргин аралдары)
9. Серхио Мартинес (Аргентина)
10.   Родриго Вальдес (Колумбия).