Гүлісхан Нахбаева шахматтан Қазақстанның 7 дүркін чемпионы атанды

180
Алматыда әйелдер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты аяқталды.  9 раундтан кейін гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева жетінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Вице-чемпиондық атақты Гүлмира Дәулетова жеңіп алды. Республикамыздан жиналған 10 шахматшы ел чемпионы аталымы мен 2,5 млн теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін бақ сынасты. «Командалық әлем чемпионатынан кейін республикалық біріншілік айтарлықтай қиын турнир емес болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл үлкен қателік, — дейді Гүлісхан. «Менің қарсыластарымның барлығы — мықты шахматшылар. Дегенмен, жеңіске жету үшін мен бар күшімді салдым». Қазақстан чемпионы 600 000 тг ақшалай сыйлықтан өзге Азия чемпионаты мен зоналық турнирге қатысу құқығына ие болады. Әйелдер арасындағы финалға елімізден 10 шахматшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 4-тен 10-ға дейінгі орындар Әсел Серікбай, Зейнеп Сұлтанбек, Альфия Насыбулина, Әмина Қайырбекова, Меруерт Қамалиденова, Елена Анкудинова және Аружан Шаукен арасында бөліске түсті. Әйелдер финалы ФИДЕ рейтингісімен есептелген 9 раундта айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Чемпионатқа өткен жылғы финалдың жеңімпаздары, жартылай финалдың жеңімпаздары, сондай-ақ Қазақстан құрамасының мүшелері қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз