Ішкі істер министрі ауысты: Қасымовтың орнына Тұрғымбаев келді

1132
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қалмұханбет Қасымовтың орнына Ерлан Тұрғымбаевты ішкі істер министрі етіп тағайындады деп хабарлайды Akroda.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды», — деп мәлімделген ресми хабарламада.
Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Тұрғымбаевты»Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындау туралы» жарлыққа қол қойған.
«Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын», — делінген құжат мәтінінде.