Қайрат Нұртас “плагиат” ән орындап жүргенін мойындады

369
Бүгінде елімізде хитке айналған әндердің басым бөлігі өзге тілден аударылған. Бұрындары өзгенің әнін орындау ұят саналса, бүгінде қазақ өнерпаздары үшін бұл қалыпты жағдайға айналған. Тіпті, хитмен Қайрат Нұртастың ән қоржынында плагиат әндер бар болып шықты.
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Әншінің айтуына қарағанда, дәл осы көшірме әндер әншіні бір сәтте танымал етіп жіберуі мүмкін. Қайраттың ән қоржынындағы ұрланған ән “Шағала қыз” деп аталады. Армян халқының “Гипси” атты әні, орындаушысы – Лили Хавканисиян.
Қайрат тек қана армяндардан емес, айыр қалпақты қырғыз ағайындардың да әніне жиендік етіп жүрген көрінеді. Десе де, қырғыздар да Қайраттың әнін еш рұқсатсыз орындап жүр. Осы себепті Қайрат көршілерімізді келісіп жұмыс істеуге шақырады.
“Мен қырғыз бауырларыма айтамын сендер менің әнімді алыңдар, мен сендердікін алайын деп. Сондықтан да мен плагиат дегенді түсінбеймін, шын айтсам. Бірақ ең бастысы әнді халықтың қабылдауына байланысты айту керек”, дейді Қайрат Нұртас.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз