Қазақстан ең бақытты елдер рейтингінде ТМД мемлекеттерінің көпшілігін басып озды

106
Қазақстан БҰҰ рейтингісінде әлемнің ең бақытты елдері арасында 50-ші орында тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
World Happiness Report баяндамасына сәйкес, бірінші орынды Финляндия қатарынан үшінші жыл қатарынан алып отыр.
Алғашқы ондыққа Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланды, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия және Люксембург кірді.
ТМД елдерінің ішінде Өзбекстан 38 орында, Қазақстан рейтингте 50 орын алды. Сондай-ақ, 70-ші орында — Молдова, 71-ші орында — Тәжікстан, ал Ресей, Қырғызстан және Беларусь тиісінше  73-ші, 74-ші және 75-ші орынды иеленді.
Бұл ретте АҚШ 18-ші орынға, Германия — 17-ші орынға, ал Ұлыбритания мен Франция сәйкесінше 13-ші және 23-ші орынға орналасты.
БҰҰ-ның пікірінше, ең бақытсыз елдер Ауғанстан (рейтингтің соңғы сатысы), Оңтүстік Судан, Зимбабве, Руанда, Орталық Африка Республикасы, Танзания, Ботсвана, Йемен, Малави және Үндістан болды.
World Happiness Report баяндамасы жыл сайын БҰҰ-ның тұрақты даму шешімдері бөлімімен жасалады. Ол 153 елді бағалайды және өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, сыбайлас жемқорлық және басқалары сияқты көрсеткіштерді ескереді. БҰҰ бақыт туралы дүниежүзілік баяндаманы алғаш рет 2012 жылы шығарды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз