Қазақстан Президенті Оралдағы көпсалалы медицина орталығына барды

993
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оралдағы «Uniserv medical center» көпсалалы медицина орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Орал қаласында биыл ашылған «Uniserv medical center» көпсалалы медицина орталығын аралап көрді.
Замануи техникалармен жабдықталған денсаулық сақтау мекемесі алдын ала зерттеліп, сұранысқа сай бейімделіп салынған. Бұрындары облыс тұрғындары емделу үшін көрші елдің қалаларына көптеп баратын. Енді жергілікті тұрғындар осы орталықтан ақ, сапалы медициналық көмек алып отыр.
Жеке инвестиция есебінен салынған медициналық орталық көз және тіс аурулары бойынша консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетеді.
Қазақстан Президенті орталықты өз қаржысына салып, мамандарын Оңтүстік Кореяда, Ресейде оқытқан инвесторға ризашылығын білдіріп, медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан Президенті Оралдағы көпсалалы медицина орталығына барды