Қазақстандық боксшы IBF рейтингіне енді

885
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежелері бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.
Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) өз дивизионында 10-шы орынды сақтап қалды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда IBF чемпионы Дэниэл Джейкобс болып тұр.
Екінші саты бос, үздік үштікке эквадорлық неміс Джек Кулкай мен украин Сергей Деревянченко кірді. Жартылай орта салмақта үздік 15 боксшының арасында 14-ші болып отандасымыз, жеңіліп көрмеген боксшы Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) тұр. Осы дәрежедегі қазіргі чемпион АҚШ өкілі Эррол Спенс.