Қазақтың экс-шенеуніктері мен туыстары Мәскеудегі байлар тұратын ауданға қоныстанған

109
Рублевкаға көбіне ТМД елдерінің байлары қоныстануға әуес екен.
Қазақ байлары rublevka.proekt.media сайтына да жарияланыпты. Еуропаға қарағанда, жақын Мәскеудегі аса ауқатты жандардың қонысы Рублевка ауданында Қазақстанның экс-шенеуніктері мен туыстарының дәулеті бар екен, деп хабарлайды Ardak.kz, malim.kz-ке сілтеме жасап.
Рублевкада сарай иемденгендердің бірі – Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Форбс журналының жазуынша, елдегі ең бай һәм ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіретін Кеңес Рақышевтің құны 125 млн рубль тұратын 67 сотық жері бар екен.
90-жылдардың басында Қазақстанның Ішкі істер министрлігін басқарған Владимир Шумов та бай-бағландардың арасында. Ол 71 млн рубль тұратын 25 сотық жерді Росгвардияның басшысы Виктор Золотовтан сатып алыпты.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Тайыр Мансұровтың әйелі Сәуле мен ұлы Мұхтар Мансұровтың да жер телімдері бар екен. Оларға құны 98 млн рубль тұратын 32 сотық жер телімі тиесілі.
Рублевкада жер телімдері өте қымбат. Бұл жерде Украинаның экс-премьер министрі Николай Азаровтың, Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевтың, Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнар Каримованың да сарайлары бар.
Рублевкаға көбіне ТМД елдерінің байлары қоныстануға әуес екен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз