ҚАЗЫҒҰРТТА ТАТУЛАСТЫРУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

1531
Қазығұрт ауыл әкімдігі ғимараты жанынан татуластыру кабинеті ашылды. Бұдан былай араздасқан екі тарап ауыл әкімдігіне барып ортақ келісімге келуіне болады. Бұл жағдай дау-дамайды сотқа жеткізбей шешу мақсатында жасалып отыр.
Медиация кабинетінің ашылуы ертеден келе жатқан бітімгершілік дәстүрді қайта жаңғыртуға мүмкіндік беруі тиіс. Егескен екі тарапты бітістіру қазақ халқының дәстүріндегі  бар тәжірибе.  Сондықтан озық дәстүрді қайта жаңғыртқаннан ұтылмасымыз анық. Қазіргі әлемдік қауымдастықтағы заң саласының тәжіри­бе­сінде   медиация — дау-жанжалдарды ше­шу­ші ретіндегі құқықтық мәртебеге ие. Ал, аудандық соттың төрағасы осы медиация үдерісінде медиатордың өзін бейтарап ұстайтындығынан, сондай-ақ дауласушы­лар­дың еркінділік, құпиялылық пен өзара сыйластықтағы тең құқылы дәрежедегі ортақ бір келісімге келуінен медиация рөлінің маңызы артып отырғанын жеткізді.
ІЛИЯС ТОҒЫЗБАЕВ  — ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Татуластыру орталығын ашу мақсатымыз – өздеріңіз білесіздер, елбасымыздың өңдеу және жоғарғы сот төрағасы Асановтың бастамасымен барлық өңірлерде, барлық елді мекендерде осы татуластыру орталықтары ашылып жатыр. Оның мақсаты соттың –біріншіден соттың жұмысын жеңілдету. Одан кейін, халықты сандалтпау, жағдай жасау. Халықты сотқа болмаса милицияға болмаса адвокатқа жүгініп қаншама шығын жасағанша, осындай дауларды шығындарға жеткізбестен дауды шешу, бұл жерде кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар жұмыс істейді.
Нұрсұлтан Әбдірашит