Коммуналдық төлемдерден қалай ақша үнемдеуге болады? 12 пайдалы кеңес

950
Елордада коммуналдық төлемдер шығындарын қалай азайтуға болатыны туралы ақыл-кеңесті ұсынамыз.
Астанада ай сайын коммуналдық төлемге жұмсайтын шығындарды азайту үшін неден, қалай үнемдеуге болатыны туралы зерттеп көрді.
Жыл сайын тарифтер қымбаттап жатыр, бұл, әрине, халыққа ұнамайды. Елбасы Н.Назарбаев жуырда осы мәселеге қатысты үкіметтің жұмысын қатаң сынға алды.
«Тарифтерді жасақтау бойынша Премьер-министр мен Үкімет ешқандай шара қолданбады. Бұл салада тәртіп болғанын бәріңе тапсырамын. Оған жауапты ведомствалар министрдің қарауында болуы тиіс немесе үкімет бұл процесті өзі үйлестіруі керек» деді Елбасы.
ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов тарифтерді төмендетуді бақылауға алуға уәде берді. Қазірдің өзінде астаналықтарға басқа аймақтарға қарағанда шамамен сомасы 5-10%-ға азайған түбіртек келіп жатыр.Соған қарамастан көпшілік қызмет құнын бұрынғыша қымбат деп есептейді.
Төмендегі лайфхактарды орындасаңыз, коммуналдық төлемдер ақысын шамамен 15-20%-ға азайтуға болады.
№1. Тісіңізді тазалағанда,суды жауып қойыңыз
Суды бостан-босқа ағызып қоймаңыз. Тісіңізді тазалағанда оны жауып қойсаңыз, сіз кем дегенде 2 литр су үнемдейсіз. Бір айда айтарлықтай айырмашылықты байқайсыз. Сол сияқты ыдыс жуғанда да (егер ыдыс жуғышыңыз болмаса) суды босқа ағызып қоймаңыз.
№2. Унитазды қоқыс алаңына айналдырмаңыз
Адамдар көбіне унитазға тамақ қалдықтарын, немесе еденнен жиналған қоқымды төгеді. Егер сізде стандартты 8-10 литрлік бак болса, күніне кемінде бір рет тұрмыстық қоқысты шаю үшін суды көп шығындайсыз. Қазір Астанада салқын судың тарифі кубына 41,59 теңгені (ҚҚС-мен бірге) құрайды.
№3. Шаңсорғышты жиі тазалап тұрыңыз
Қоқыс жиналған шаңсорғышты пайдалану тиімді емес. Егер ол тазаланбаса, үйді жиыстыру да оңайға соқпайды. Бір жерді бірнеше рет шаңсорғышпен сорып электр қуатының шығынын көбейтесіз.
Шаңсорғыштың электр шығыны оның қуатына тікелей байланысты. Орта есеппен ол минутына 30 ватт шығындайды. Үйді жинау кезінде шаңсорғышты жарты сағаттан 1 сағатқа дейін пайдаланасыз. Астанада электр қуатының орташа тарифі кВт/с 11,57 теңге.
№4. Бос бөлмелердегі жарықты өшіріп қойыңыз
Бұл кеңес қарабайыр боп естілгенімен көп адам оны ескере бермейді. Бір бөлмеден екінші бөлмеге кеткенде жарықты өшіруді ұмытатын шығарсыз? Таңертең жұмысқа кеткенде бір бөлменің жарығын өшірмедіңіз делік. Ал, енді сіз жұмыстан келгенше бір аспалы шамның күн ұзаққа жанып қалғанын елестете беріңіз.
Бір шамның қуаты 60, 75 және 100 Вт болса, олардың әрқайсысы бір сағатта осындай қуатты жағатынын есептеңіз.
№5. Қысқа толқынды пеш, электршәйнекті пайдалануды азайтыңыз
Өйткені олар көп электр қуатын жұмсайды. Егер суды пеште қайнатып, тамақты да пешке пісірсеңіз (Астананың жаңа үйлерінде олар электржелілеріне қосылған) шәйнекті бір қайнатуға орта есеппен 150 Вт дейін, ал қысқатолқынды пеш 20 Вт жұмсалады. Есептей беріңіз: электр пешінің бір көзі бір сағатта 15 Вт жұмсайды.
Мұздатқышта қатып қалған етті қысқа толқынды пеште еріткенше, оны түскі не кешкі ас дайындағанға дейін біраз уақыт бұрын мұздатқыштан шығарып қойып, өзі еруіне мүкіндік беріңіз.
№6. Пешті алдын ала өшіріңіз
Астаналықтардың көбі пәтерлерінде (жаңа үйлерде) электр пештерін пайдаланады. Оның бір ерекшелігі бар: көп уақытқа дейін қызып тұрады. Осыған байланысты тамақ дайын болуға 5-10 минут қалғанда пешті өшіре беруге болады. Бұл айдың соңында біраз қаражатты үнемдеуге себеп болады.
№7. Электр қуатын үнемдейтін құрылғыларды пайдаланыңыз
Заманауи электр құрылғылары тиімділігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, А классты құрылғылар D классына қарағанда электр қуатын 50-80% аз жұмсайды. Ең тиімсіз G классы саналады. Олар D классына балама құрылғылардан қуатты 25%-ға көп жұмсайды.
№8. Диодты шамдар орнатыңыз
Олар кәдімгі шамдардан біраз қымбат тұрады, алайда шығындарды біраз азайтады, электр қуатын 8-10 есеге аз жұмсайды. Олардың қуаты 5-10 Вт.
№9. Киімдерді төмен температурада жууға тырысыңыз
Жоғары температурада кір жуу электр қуатын көп жұмсайды, яғни сіздің кір машинасында таңдаған режиміңізге тікелей байланысты. Егер әр кір жуған сайын төмен температураны таңдасаңыз, электрсанауыш баяу айналады.
Кір жуу машинасының қуат көзін көп жұмсайтын бөлігі – электр қозғалқышы мен электрқыздырғыш құбырлары (судың температурасын қадағалайды). Егер төмен температурада кір жусаңыз, бұл құбыр іске қосылмауы да мүмкін. Оның қосылуын қадағалауға кеңес береміз. Өйткені уақыт өте келе оның бойына қақ жиналуы мүмкін. Мұндайда қажет температураға дейін суды жылыту үшін электр қуатын көп жұмсауға тура келеді.
Сонымен қатар кір жуғыш машинаның ішіне салынған кірдің көлеміне де назар аударыңыз. Маталардың салмағы ылғал және құрғақ күйінде екі басқа болады, ал машинада түрлі киім жиналғанда оны жууға электр қуаты көп жұмсалады.
№10. Шүмекке (Смеситель) ауа қанықтырғыш орнатыңыз
Ауа қанықтырғыш – шүмекке арналған саптама. Санитарлық техника сататын дүкендердің сатушыларының айтуынша, бұл қондырғы су шығынын екі тіпті үш есеге азайтуға мүмкіндік береді. Ауа қанықтырғыш 1500-3000 теңге тұрады.
Егер сізде екі шүмек орнатылса, оны ошақтыға алмастырыңыз. Бірінші жағдайда қажетті температураны таңдағанша сіз көп су шығындайсыз. Ал, ошақты шүмекпен шығын біраз азаяды.
№11. Екі ағызбалы батырмасы бар унитазды пайдаланыңыз
Унитаздағы бактың көлеміне байланысты бір басқанда 6-дан 10 литрге дейін су ағады. Суды үнемдеу үшін екі ағызбалы батырмасы бар бакты орнатуға кеңес береміз: екі батырманың біреуін басқанда, кішісінен 2-4 литр су, үлкенінен 6-8 литр су ағады.
№12. Бөлмелерді жылытатын батареяның деңгейін төмендетіп қойыңыз
Заманауи батареялар жылыту жүйесін реттейтін арнайы бұрамамен жабдықталған. Жұмысқа кеткен сайын температураны төмендетіп кетіңіз. Кешкісін үйге келгенде ешқандай машақатсыз көтере саласыз.
Авторы Ербол Қазистаев.
Дереккөз:informburo.kz