ҚР Президенті Астана медресесінің шәкірттерімен кездесті

1091
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Астана медресесіне барып, діни білім ордасының шәкірттерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жария еткен видео материалда Қасым-Жомарт Тоқаев медіресе шәкірттерімен кездесіп, оларды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Опубликовано Берік Уәли Среда, 5 июня 2019 г.

«Осындай медреселер бізге өте қажет. Қазақстанда осындай медреселер болуы керек. Ораза айт қабыл болсын! Баршаңызға аманшылық тілеймін! Біздің мемлекетімізге, халқымызға қызмет етіңіздер! Келесі Рамазанға бәріміз халық, жамағат болып, балаларымыз аман, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін!», — деді Қазақстан Президенті.

Еске сала кетейік,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтаған болатын.